Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету, өмір сапасы мен әлеуметтік белсенділікті арттыру, физикалық және рухани денсаулықты нығайту мақсатында «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасының ассистенттері мен интерн дәрігерлерінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 16-наурызда «Күміс Университет» бағдарламасы шеңберінде «Егде жастағы азаматтар арасында Салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану қағидаларын қалыптастыру негіздеріне» арналған лекция оқылды. Аталған шараға «Сол жағалаулық емханасында» тіркелген қарттар арнайы келді. Өскемен қаласы филиалы 737-738 топ интерн дәрігерлері, топ кураторы Жунусова М.Қ және кафедра ассистенті Кабдрахманова А.Ж дәріс оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қарттар ұйымдастырылған шараға алғыстарын білдірді.
«Жалпы тәжірибелік дәрігер» кафедра ассистенттері Жунусова М.Қ және Кабдрахманова А.Ж