24 наурыз күні 10 оқу сержант взводының курсанттары Ильгам Абдулкаримов пен Ержан Ерланұлы әскери-патриоттық тәрбиені дамыту сабағы аясында «СМУ» КеАҚ әскери кафедрасының оқушыларына Ұлы Отан соғысының батыр тұлғалардың бірі – Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов жайлы сыр шертті.
Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов-Қызыл Әскердің аға сержанты, Ленинградтың маңындағы шайқаста ерлік пен батылдық танытқан отандасымыз. 1943 жылдың 25 шілдесіндегі ауыр шайқаста ол өз кеудесімен жау нөсерінің жолын жауып, көптеген жолдастарының өмірін сақтап қалды.
Аға-сержант Баймағамбетовтың ерлігі әрқашан әскери борышқа адалдық пен Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейді.
М/қ полковнигі Орынбасаров Шыңғыс Оразмұхаметұлына және М/қ подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлына ҰОС батырлары туралы материалдарды дайындау кезінде берген нұсқаулары үшін зор алғысымызды білдіреміз.