Наурыз мейрамы – табиғаттың жаңару мерекесі ретінде қабылданатын ежелден келе жатқан тарихи мейрам. Тарих бетіне үңілер болсақ – Наурыз мерекесін тойлауының бастауы өте ертеректен басталғаны дәлелденген. Аспан әлемінде жұлдыздар жүйесі де бір жылдық айналым жасап, бастау нүктесіне келетін уақыты болғандықтан бұл күнді – «Ұлыстың ұлы күні» деп қабылдап, қасиетті мейрам ретінде қабылдаған.
17 наурыз 2022 жыл ҚР ҰҒА академигі Т.К Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұйымдастыруымен кураторлық топтарда білім алатын қазақ, қырғыз, түрік, өзбек, Пәкістан ұлт өкілдерінің қатысуымен наурыз мерекесі атап өтілді. Атап айтсақ, 1105, 1107, 1431+1432+1434, 1435, 1506, 1526, 2102, 2104, 2112, 2114 Жалпы медицина топтары. Кураторлар: Өртбаев Е.Е., Мусапирова А.Б., Төлеухан А.С., Мухамедиярова Л.А., Ғалымбеков Д.Ж. Шараның бағдарламасы 4 бөлімнен құралады:
1) Ұлттық киімдерді таныстыру
2) Әр халықтың дастарханнан дәм тату
3) Әрбір елдің дәстүр-салтымен танысу
4) Өнер көрсету
Наурыз мерекесі зор ықыласпен тойланып, кураторлық топтар арасындағы бірлік пен ынтымақтың салтанатына айналды.