«AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының  Республикалық «Таза сессия» акциясы

«AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Республикалық «Таза сессия» акциясы

2022 жылдың 28 наурыз күні «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты партиясы КеАҚ «Семей медицина университеті» студенттерінің қатысуымен «Таза сессия» акциясы шеңберінде сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 1-5 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Сауалнама жүргізуге Айтмұқаш Алмас Виленұлы – «Amanat» партиясының жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Даирова Дариға Абайқызы – Семей қалалық маслихат депутаты, Бақтияров Темірлан Мақсатұлы – «Amanat» партиясының жанындағы «Jas Otan»  Жастар қанатының Семей қалалық жетекшісі қатысты.

«Таза сессия» акциясының мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау;
  • құқықтық сананы және студенттердің белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнаманы бұзу фактілеріне қырағылығын арттыру.

«Таза сессия» акциясының бағдарламасы аясында белгіленген квотаға сәйкес Семей медицина университетінің студенттері анонимді сауалнамаға жауап берді. Сауалнама нәтижесі бойынша  жемқорлық фактілері анықталған ЖОО-ның рейтингі жасалынады.

Медицина мектебі[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: