26 ақпан күні куратор Меруерт Маликовнамен және «Жалпы медицина» мамандығының 2206 топ студенттері Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында «Бес нәрсе» атты трагедия жанрында спектакльге барып қайтты . Театр актерлары рөлді өте керемет сомдап ерекше әсер қалдырды. Театрдан алған әсерлерін топ студенттері сөзбен жеткізу мүмкін еместігін айтты . Жастар арасында театрдың мәдени-тәрбиелік маңызы зор.
Микробиология кафедрасының оқытушысы М.М.Малик.
2206 топ старостасы Саги Аяжан.