ЖМФ 5105-5110 топ студенттерімен бірге дөңгелек отыр

ЖМФ 5105-5110 топ студенттерімен бірге дөңгелек отыр

28.03.22 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» жобасы бойынша факультеттік терапия кафедрасының доценті Шаханов Т.Е. ЖМФ 5105-5110 топ студенттерімен бірге дөңгелек отырыс өткізді. Әңгіме барысында Ұлы Даланың ұлыстарында тарихта белгілі болып қалған Ұлы есімдер аталды. Мәселен, Адамзат тарихында шығыстан батысқа төрт рет болған Ұлы Дала көштерін жасаған халқымыздың Ұлы басшылары – патша Қаратон, парасатты Донат, Еділхан (Атилла), тіпті кейінгісі Бату хан есімдері Еуропа мен Азия аймақтарында кеңінен белгілі болған.

Бұлардан басқа, Мысырдағы Бейбарыс сұлтан; Бағдаттағы ғұлама Әл-Фараби; Иранда обсерватория салған атақты астроном, математик Ұлықбек; Грекияда Сократ, Платондармен қатар алты ғұлама – философтардың бірі  саналған Анахарсис (Ақарыс).

Біздің қазіргі заманымызда бір халықтың ғана емес, бүкіл Адамзаттың дамуына ерекше әсер еткен Ұлы Даланың ұлдары болған Ұлы есімдер бар. Мысалы, археолог – этнолог – генетик Әлкей Марғұлан, адамзаттың төртінші нәсілі бар екенін айтқан және оны АҚШ Пенсельвания штатындағы ғылыми орталық дәлелдеген; медицинада Төрегелді Шарманов (Дүниежүзінде әлі қолданылып келе жатқан тәжірибелік медицина саласындағы Алматы декларациясы мен йододефицит мәселесін шешкені үшін 1978 жылы берілген Леон Бернард сыйлығы); радиобиолог Саим Балмуханов – Кеңес одағының тиым салуына қарамай 1958 жылғы СИЯП жарылыстың салдарынан жіті сәулелену ауруы тарағанын дәлелдеген; біздің жерлестеріміз – математик Төлеубай Аманов – дүние жүзінде жоғарғы математикада «Аманов теориясы» деген атпен белгілі теорияның авторы, академик Курчатовпен үзеңгілес қызмет еткен Абралы тумасы; Бесқарағайлық сазгер Жолдыбай Дастенов –симфониялық ерекше туындылар жазған және дүнежүзінде Шопен, Бетховендердің туындыларын орындайтын атақты оркестрлер әлі орындайды.

Осы сияқты Ұлы Даланың Ұлы есімдері айта берсе көп-ақ.