«СМУ» КеАҚ ең негізгі мақсаттарының бірі кәсіптік бағдар беру жұмысы болып табылады. Оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кадрлардың кәсіби дайындығы деңгейіне қазіргі заманғы медициналық білім берудің өсіп келе жатқан талаптарымен анықталып отыр. Осы талаптарды ескере отырып Семей қаласы бойынша білім бөлімінің №23 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 – сынып оқушыларына университетпен таныстыру іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шарада «Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың» мұражайын, кітапхана, анатомиялық мұражайды, сондай – ақ студенттер өздерінің теориялық және практикалық дағдыларын дамытатын симуляциялық технологиялар кафедрасын көру мүмкіндігін алды.
Кітапхана қызметкері А.С. Искакова студенттерді университет тарихы мұражайымен таныстырды, онда Университеттің даму тарихы, университеттің гүлденуіне өз үлесін қосқан көрнекті түлектер мен оқытушылар туралы айтылды. Экскурсияның екінші бөлігі анатомиялық мұражайға бару болды. Болашақ талапкерлерге мұражайда ұсынылған экспозициялар туралы Проф. Н.А.Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының меңгерушісі А.К. Букатов айтып берді, сондай-ақ 3D үстелді көрсетті.
Сондай-ақ балалар симуляциялық технологиялар кафедрасында болды, онда студенттер мен интерндер өздерінің практикалық дағдыларын муляждар мен интерактивті компьютерлік манекендерде қаңдай мүмкіндік алатынын кафедра оқытушысы Н.Е. Мұсабекова көрсетіп таныстырды.
Экскурсия аяқталғаннаң соң болашақ талапкерлеріміз университетке түсу ережелерімен танысып, білім беру бағдарламалары туралы қажетті мәліметтерді ала отырып, Семей медицина университетінің оқытушылық құрамына өз ризашылықтарын білдірді.