737 топ интерндері мен топ кураторының ұйымдастыруымен «Дәрігердің этика және диентологиясы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Интерн дәрігерлердің дәрігерлік этиканың негізгі қағидаларын білу, оны болашақ дәрігерлік тәжірибеде қолданудың маңыздылығы айтылды. Кураторлық сағатта интерн дәрігерлер кәсіби дағдыларды тиімді жүзеге асыру үшін емделушінің, ең алдымен, көңілін аулап, адамгершілікті, ілтипатты мейірімділікті сақтай отырып емделуші – дәрігер байланысын орнату жайында ой бөлісті. Медицина ғылым ретінде дамыған сәттен бастап этика диентология негіздері қалыптасқан және ол болашақта да өз маңызын жоғалпақ емес.
ЖДТ кафедрасы ассистенті Жунусова М.Қ.