Эразмус + HARMONEE жобасы аясында Милан университетінде (Италия) және Утрехт университетінде (Нидерланды) Жазғы мектеп 2021 тағылымдамаларына қатысуға конкурс өткізілді, оны медицина ғылымдарының магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы Искакова Назым Серикановна; Медицина ғылымдарының магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы Кусаинова Диана Касеновна және PhD докторы, эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Ибраева Жанар Бейсенғалиқызы іріктеуден сәтті өтті.
Жазғы мектеп сабақтары 2021 жылдың 4 қарашасында оқытушы профессор Дарио Консоннимен келесі тақырыптар бойынша басталды: эпидемиология, когортты зерттеулер және статистика. Эразмус + HARMONEE жобасы аясында қоғамдық денсаулық және қоршаған орта саласындағы магистратура бағдарламасына 9 модуль әзірлеу жоспарлануда. Модульдерді әзірлеу үшін Орталық Азия университеттерінің оқытушылары арасынан 9 пәнаралық топ құрылды. Модуль әзірлеу бойынша дәрістер 2021 жылдың 16 желтоқсанында лекторлар Dr. Wietske Dohmen және Mieke Lumens және 2022 жылдың маусым айының соңына дейін онлайн режимінде жалғасады. Әрбір дәрісте міндетті үй тапсырмасы бар модульдерді әзірлеу бойынша қадамдық нұсқаулық берілген. Қажет болған жағдайда туындаған мәселелер бойынша консультациялар өткізіледі.
Жазғы мектеп 2022 жылдың жазында Орталық Азияда офлайн режимде өтеді. Модульдерге жауапты магистрлік модульдің соңғы нұсқасын ұсынады.