31 Наурыз күні Жалпы медицина факультетінің 1224 ағылшын және шетелдік 1505 топтары Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайына экскурсия жасады. Іс-шара барысында студенттер халықтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы қызықты деректерді тыңдап, оның өміріне сапар шегіп қайтты. Мұражай қызметкерлері құнды жәдігерлермен таныстырып, ақынның өз қолы тиген мұраларды көрсетті. Ол мұралардың қатарында Абайды білім нәрімен сусындатқан араб, парсы тіліндегі кітаптардың түпнұсқасы да болды. Абайдың өмір салтымен қатар шетелдік студенттерге қазақ мәдениеті де таныстырылды. Қазақтың музыкалық аспаптары, ою-өрнектермен көркемделген бұйымдары студенттерді зауықсыз қалдырмады. Рухани құндылыққа байып қайтқан университет шәкірттері уақыттарын пайдалы да қызықты өткізіп қайтты.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу