29 наурыз күні КеАҚ «Қарағанды медицина университеті» мейіргерлік білім беру мектебінің және «НЕИРОН» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Реформалау жағдайындағы мейіргер қызметі: диагностика, сүйемелдеу және оңалтудағы басым бағыттар» халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өткізілді.
Байқауға КеАҚ «Семей медицина университеті», Мейірбике ісі кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі Болатова М.Б. «COVID-19 пандемиясы кезеңінде Семей қаласының неонатологиялық бөліміндегі мейірбикелердің стресс пен мазасыздық деңгейін бағалау» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.
Конференция нәтижесі бойынша, Болатова М.Б. 3 – орынды иеленді.