Сенің ЖОО-әлемдегі ең үздік ЖОО! Бірақ… бұл туралы біз және сіз ғана білеміз. «Менің ЖОО-еліміздегі ең үздік ЖОО!» Бұл туралы бәрі білсін!
ЕРЕЖЕ
бейнероликтер байқауын өткізу туралы
- Байқаудың жалпы ережелері мен тақырыптары
1.1. Байқаудың тақырыбы: «Менің ЖОО – еліміздегі ең үздік ЖОО!»
1.2. Байқау университеттің барлық мамандықтарының 1 курс студенттері үшін өткізіледі.
1.3. Байқаудың ұйымдастырушысы – «Медицинадағы IT» кафедрасы.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаттары:
- Студенттердің өмірге деген қызығушылығын қалыптастыру, танымдық белсенділікті, зияткерлікті дамытуға, студенттердің ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету;
- Семей медицина университетінің тарихы мен дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- Жас ұрпақтың жалпы мәдениетін арттыру.
2.2. Байқаудың міндеттері:
- бейнесурстар жасау үшін университет студенттерін тарту;
- мәлімделген тақырып бойынша үздік бейнероликтерді анықтау.
- Байқауды өткізу мерзімдері
3.1. Байқау жұмыстарын тапсыру мерзімі: 11.04.2022 дейін
3.2. Байқауды өткізу күні: 12.04.2022
- Байқауға қатысу шарттары
4.1. Байқауға жеке немесе топтардан құрылған бейнероликтер қабылданады.
4.2. Байқауға бейнефильмдер қазақ, орыс, ағылшын тілінде ұсынылуы тиіс.
4.3. Ролик авторлық болуы тиіс, біреуден алынған материалдарды пайдалануға жол берілмейді.
4.4. Байқауға қатысу тегін.
4.5. Байқауға қатысу автордың (авторлардың) Инстаграмға (it_inmedicine.smu) бейнеролик орналастыруға келісімін білдіреді.
- Бейнефильмдерге қойылатын талаптар
5.1. Байқауға қатысушының таңдауы бойынша бейнероликті Google дискіге немесе басқа бұлтқа орналастыру;
5.2. Бейнероликті жүктеу сілтемесін «Бейнероликтер байқауына» белгісімен anel.massalimova@smu.edu.kz поштаға жіберу немесе Медицинадағы IT кафедрасының оқытушысына жүгіну, 213 каб. + 7 965 206 96 69 – Масалимова Әнел Нұржанқызы;
5.3. Бейнеролик жолдағанда бейнеролик авторларының аты-жөнін, мамандығын, курсын, топ нөмірін және телефонын жазыңыз;
5.4. Бейнефильмдердің рұқсат етілген форматтары: .mp4, .mov, .avi.
5.5. Бейнефильмнің хронометражы 5 минуттан аспауы керек.
- 6. Байқау материалдарын іріктеу талаптары
6.1 Жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, мазмұнын ашу тереңдігі.
6.2. Эмоционалды және психологиялық әсердің тереңдігі.
6.3. Ашық идеялар, оң көзқарастығы.
6.4. Бағдарламалық жасақтаманы қолдану.
- Байқаудың қазылар алқасы
7.1. Медицинадағы IT кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Мусатаева Июнгуль Сулжановна.
7.2. Шетел бөлімі деканының орынбасары Омарова Айгерим Еркалиевна.
7.3. Стоматология және мейірбике ісі мектебі деканының орынбасары Жакупбекова Эльмира Айткалиевна.
7.4. Медицинадағы IT кафедрасының оқытушысы Ғалымова Әсем Дүйсенғалиқызы.
- Байқау жеңімпаздарын марапаттау
8.1. Қазылар алқасының пікірінше, үш үздік бейне жұмыстар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
8.2. Барлық байқау жұмыстары инстаграмда (it_inmedicine.smu) көрермендердің дауыс беруіне арналған топқа орналастырылады, ең көп “ұнату” белгілерін жинаған бейне көрермендер көзайымы сыйлығын алады.
8.3. Үздік бейнероликтер университет сайтына орналастырылады.