Қайырымдылық жасау – әрбір жастың міндеті

Қайырымдылық жасау – әрбір жастың міндеті

Семей медицина университетінің студенттері әрқашан  кураторларымен қайырымдылық шаралар өткізіп тұрады. Осы қасиетті Рамазан айының 03.04.22ж  Т.А Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы, магистр Қанатбекова А.Қ өзінің 3224 және 3114 кураторлық тобымен қайырымдылық іс ретінде кішкентайынан інісімен жетім қалған Салоева Айгерімнің жалдап жатқан пәтеріне аман-саулығын , қал жағдайын біліп қайтты. Улкен жауапкершілікпен, ұйымдасқан түрде жағдайы төмен отбасына азық-түлікпен қамту сияқты көмек көрсетті. Барша адамзат бір Адам атадан тарағаны белгілі. Осы тұрғыда ислам дінінде де мұсылманның мұсылманға бауыр, деген қағидасы бекер емес. Адамның шығу тегі бір болғандықтан олардың арасында өзара жақсылық жасаулары да адами үйлесімділікті айғақтай түседі. Кез келген игі істерді жүзеге асыру адамдар арасында дінге, тілге, нәсілге, ұлтқа бөлінбейтіндігін ұмытпаған жөн. Адамдар жақсылық жасауды қолдап оған мүмкіндік туғанда қашанда бейім тұратындығы ертеде оның фитратынан қалыптасқан. Бұл жұмыстың басты мақсаты жастарды өз халқы мен отанын сүюге, әрқашан қайырымды болуға, көмектесуге ұмтылуына пайдасы зор екенін көрсетеді.   Болашақта осындай жұмыстар өз жалғасын табады, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау – ең жақсы істердің бірі.  Осындай қасиетті айда жақсылық жасау, алғыс алу үлкен сауапты іс. Осыған байланысты пайғамбар өз хадисінде: «Кімде кім жақсылыққа жол сілтесе сол үшін сауапты болады», деген. Құранның өзінде: «Жақсылыққа жарысыңдар…» делінген. Барған отбасы студенттерге және топ кураторы Арайлым Қанатбекқызына үлкен ризашылығын білдірді

Т.А Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы