КеАҚ СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНДА ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК  ТӘЖІРИБЕ ПӘНІ  БОЙЫНША  ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ

КеАҚ СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНДА ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ

2022 жылдың 07 сәуірінде КеАҚ Семей медицина Университетінің Өскемен қаласы филиалының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында “Болашаққа қадам” атты олимпиада  өткізілді. Олимпиаданы оқу ісіне жауапты Ахметова С.С. және кафедра ассистенті Кабдрахманова Ә.Ж.  жетекшілігімен ЖТД факультетінің 736 топ интерндері ұйымдастырды. Қазылар алқасының құрамына КеАҚ Семей медицина Университетінің Өскемен қаласы филиалының директоры, м.ғ.к. Мукажанова А.К., деканның орынбасары, м.ғ.м. Аймухамбетов Е.Н., ЖДТ кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Мұсабекова Ж.А., кафедра ассистенті м.ғ.к. Мананбаева С.Т., кафедра ассистенті Жаксылыкова А.Ж.

Олимпиадаға “жалпы дәрігерлік тәжірибе” факультетінің 7 курс интерндері қатысты. Олимпиада 4 кезеңде өтті. Барлық қатысушылар cаны– 12. Бірінші кезең 20 тест сұрақтарынан тұратын  “Бәйге” форматында өтті, тест  нәтижелері бойынша 2 кезеңге 8 қатысушы өтті. Екінші кезең “Тапқырлар сайысы” деп аталды, нәтижесінде бес қатысушы келесі айналымға өтті. “Әлемнің кереметі” деп аталған үшінші тур медициналық тақырыптағы ребустар  форматында өтті. Төртінші кезеңде 3 қатысушы   “ОКС кезіндегі жедел жәрдем”, “Анафилактикалық шок” және “BLS” практикалық дағдыларын көрсетті.  Әр тур интерндердің алған білімдері мен дағдыларын қаншалықты жақсы меңгергенін және оларды қаншалықты қолдана алатындығын көрсетті. Олимпиадаға қатысушылардан басқа көрермендер ретінде келген интерндерде назардан тыс қалмады, олар үшін олимпиаданы ұйымдастырушылар викторина өткізді, онда дұрыс жауап үшін студенттерге шағын сыйлықтар табысталды. Олимпиаданың барлық қатысушылары тапсырмаларды жоғары деңгейде  орындады. Әр тур соңында қазылар алқасы ұпайларды есептеп, олимпиада нәтижесін жариялады. Сайыстың соңы жүлдегерлерді салтанатты марапаттаумен аяқталды.

Қатысушылардың олимпиадаға жоғары деңгейдегі дайындығы қуантты. Ең бастысы қатысушылар  өз күштерін сынап, алған білімдері негізінде сауатты әрекет ету қабілетін көрсетті, бұл болашақ мамандар үшін өте маңызды.

Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

КеАҚ Семей Медицина Университетінің Өскемен қаласы филиалы

Жарияланды: