08.04.2022 жылы Университетіміздің профессор Н.А.Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ұйымдастыруы-мен кафедра жоспарына сай, Қазақстанның медицинасы мен ғылымына еңбегі сіңген, медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰА іргелі және қолданбалы медицинасының академигі Алмабаев Ыдырыс Алмабайұлымен кездесу өткізілді.
Бұл кездесуге Анатомия кафедрасы мен профессор Н.А.Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ПОҚ мен студенттері қатысты. Ыдырыс Алмабайұлы өзінің еңбек барысын медицина саласында білім беруге және ғылым жолына арнаған. Осы бағытта 15-тен астам ғылым кандидаттары мен докторларын және медицина магистрларын дайындаған. 100-ге жуық ғылыми басылымдары жарық көрген. Әсіресе бұл кісінің анатомия мен клиникалық анатомияның (топографиялық анатомия) дамуына қосқан үлесі зор. Бұл бағытта жасаған еңбектерінің дәлелі: “Клиникалық анатомия”, “Топографиялық анатомия” және “Бас пен мойынның клиникалық анатомиясы” атты қазақ тілінде шығарған кітаптары болып табылады. Сондай-ақ, көптеген мемлекеттік сыйлықтардың иегері.
Қазіргі таңда Ыдырыс Алмабайұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, клиникалық пәндер кафедрасының профессоры болып жұмыс атқарады. Кездесу барысында Ыдырыс Алмабайұлы өзінің ғылымдағы өмір жолын, білім саласындағы маңызды бағыттарын талдап өтті. Қатысушылар өздерінің көптеген сұрақтарына жауап алып, еркін сұқбаттасты.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты Кафедраның ПОҚ мен білім алушыларының білім мен ғылымға деген құштарлықтарын арттыру болып келеді. Себебі, еліміздегі осындай көрнекті ғылым адамдарымен кезігіп, танысып, ақыл кеңестерін алу жас буынға бағыт-бағдар беретіні баршамызға мәлім.
Сонымен қатар, Ыдырыс Алмабайұлы Университетіміздің Анатомия және Топографиялық анатомия кафедрасымен тығыз қарым-қатынасын нығайтып, бірге жұмыс жасауға сөз алысты. Кафедра ұжымының атынан профессор Алмабаев Ыдырыс Алмабайұлына осы кездесуге келгеніне зор алғысымызды білдіреміз![vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]