«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты арнайы жобаны жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 13 сәуірінде балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында 3640 топ жалпы медицина факультеті студенттерінің қатысуымен ассистент Мұқанова Ұ.А. бастамасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: қазақтың тұңғыш дәрігерлерінің бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, профессор, педагог Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаровтың өмірбаяны және қызметі жайында мағлұмат беру. Кеңестік Ресей мен Қазақ Автономиялық Республикасының мемлекеттік қайраткері, шебер ұйымдастырушы, талантты азамат Санжар Асфендияров — қазақ елінің болашағы үшін қайраты мен күш-жігерін аямаған тарихи тұлға. Шетелдік студенттерге «Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаров қазақ дәрігері» туралы презентация көрсетіліп, медицина саласының дамуына ат салысқан еңбектерімен таныстырылды.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу