2022 жылғы 12-13 сәуірде КеАҚ «Семей медицина университетінде» Қазақстан Республикасының ғылым күніне арналған «Ғылым және денсаулық» атты халықаралық қатысуымен білім алушылардың 64-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары студенттері мен жас ғалымдары арасында ғылымды дамыту, сондай-ақ бүгінгі күні күш-жігерді біріктіру және медицина ғылымының бәсекеге қабілеттілігі үшін медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми қоғамдастық арасында диалогты жолға қою үшін үлкен маңызға ие жемісті ғылыми байланыстарды орнату болып табылады.
Фундаментальды ғылымдар секциясына қалыпты физиология кафедрасы атынан бір баяндама ұсынылды. Баяндама тақырыбы: «Қазіргі таңда жастардың денсаулығына әсер ететін кейбір қауіп-қатер факторлары» жалпы медицина мамандығының 2 курс студенті Сейтқан Балғын, ғылыми жетекшісі:м.ғ.к.кафедра меңгерушісі С.О.Рахыжанова болып табылады. Сонымен, осы баяндама конференцияда көпшіліктің көңілінен шығып, үздік жоғары нәтиже көрсеткені үшін І орынды иеленіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды!