Өскемен қаласы филиалында сәуірдің 16-сы күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аталып өтілді. Мерекелік бағдарламада 6 курс интерндері арасында “Жігіт сұлтаны” сайысы ұйымдастырылды. Сайыс жігіттердің таныстыру бөлімінен, ұлттық салт дәстүрлерді дәріптеу мақсатында әр топ бір дәстүр жоралғысын көрсету бөлімінен және күш сынасу бөлімінен тұрды. Жігіт сұлтаны атағына 635 топ интерні Чакеров Али, 2 орынға 627 топ интерні Тілеуов Айдын, 3 орынға 632 топ интерні Амангельдинов Нұрсұлтан ие болды. Додада сынға түскен жігіттердің барлығы дерлік сайысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарын көрсетті. Жігіттердің өнерін әділ қазылар: Өскемен қаласы филиалының директоры Мукажанова А.К., декан орынбасары Аймухамбетов Е.Н., медицина ғылымдарының докторы, профессор Солтанбеков З.К., жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Мусабекова Ж.А., жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы ассистенті Аймурза С.А. төрелік етті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, мерекеге ат салысқан барлық топтарға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Көрермендер мен қонақтар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, ерекше өнер көрсеткен қонақтар жүлделі қайтты. Филиал интерндері мен мереке қонақтарына арналып арнайы Наурыз көже пісіріліп, дастарқан жайылды. Көктемнің шуақты мерекесін тойлауға ат салысқан Өскемен қаласы филиалының және жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы әкімшілігіне, ұйымдастыру жұмыстарымен айналысқан жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының оқытушылары Мукашева А.Д., Жақсылықова А.Ж., Жунусоваға М.Қ., материалдық қолдау көрсеткен университет кәсіподағына үлкен алғысымызды білдіреміз. Интерндер, мереке қонақтары ұлттық құндылықтарды дәріптейтін осындай іс-шараларға ерекше ықылас білдіріп, болашақта мерекені тойлау дәстүрге айналса деген тілектерін білдірді.
Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының оқытушылары Мукашева А.Д., Жақсылықова А.Ж., Жунусова М.Қ.