Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. Елін, жерін қорғаған батырларды құрметтеуге және олардың ерлігін мақтаныш етуге тәрбиелеу мақсатында әскери кафедра ұжымы Жеңіс күні мерекесіне орай «Батыр қазақстандық жауынгерлер» әскери-патриоттық шаралар айлығын өткізуде. Солардың бірі, оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 14 сәуірінде 3 взвод 322 топ курсанттарымен өткізілген, отандық патриотизмнің қайталанбас үлгісін көрсете білген тау тұлғалы азамат, даңқты ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бегельдиновке арналған «Қазақтың қыраны» атты шара.
Талғат Бегельдиновтың өмір жолы, ерлік істері, марапаттары, сонымен бірге, бейбіт өмір кезіндегі қазақ халқы үшін жасаған қызметі туралы ақпарат алып, « Путь к небу» деректі фильмін тамашаладық. Қан майданда талай қиындықтарды бастан кешіп, ерліктің мәңгі өшпес үлгілерін көрсеткен батырдың тағдыры ешкімді бейжай қалдырмады.
Бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған батыр бабаларымызды ешқашан естен шығармаймыз, ұмытпаймыз, басымызды иеміз!!!
3 взвод 322 топ курсанттары