Бүгін «Семей медицина университеті» КеАҚ «Қыз Жібек» қыздар ұйымы мүшелері мен қаламыздың және университетіміздің тәрбие бағытындағы арнайы сала мамандарымен бірлескен семинар-тренингі өткізілді.
Кездесуді ұйымдастырудағы мақсатымыз «Қыз Жібек» қыздар ұйымының негізгі қызмет бағыты тәрбие жұмысы болғандықтан, алдағы уақыттағы өз қызметін жүйелендіру мен жетілдіру үшін арнайы мамандардың көмегімен тәрбие бағытындағы білімдері мен дағдыларын жетілдіру еді. Алған білімдері мен дағдыларының негізінде университет қыздары арасында ашық алаң құра отырып, тәрбие және сырласу кештерін ұйымдастыру. Яғни, бұл жерде қыздар тәрбиесіне тағы бір бағытынан, қырынан ықпал ету көзделіп отыр. Үйірме мүшелері арнайы мамандар көмегімен қыздар тәрбиесіне үлес қоса алсақ, біздің қоғам тәрбиесіне үлес қосқанымыз болар еді дегіміз келеді.
Семинарға қатысушы мамандар арасында діни сауаттылық пен имандылық тәрбие бағытында Семей қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының діни маманы Тұрсынғалиев Қанат Мұратбекұлы, психологиялық тәрбие бағытында Медициналық білім беру кафедрасының оқу ісіне жауапты, п.ғ.м. Нургалиева Сауле Жұматовна, жыныстық тәрбие бағытында ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.Қ. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ассистенті Мухамедиярова Лаура Алтаевна және нашақорлық, шылым және ішімдікпен күрес бағытында Анестезиология, реаниматология және наркология кафедрасының интерні Мырзекенова Тана Ерболатовна болды. Мамандардың қатысуымен өткен кездесу барысында қыздарымыз өздерін алаңдадып жүрген түрлі сұрақтарға жауап алып, алдағы уақыттағы тәрбие бағытындағы атқаратын жұмыстарының мазмұнын толықтыра түсті. Кездесуге қатысып, тәрбиелік бағытта берген өнегелі сабақтары үшін ұстаздарымызға алғыс білдіре отыра, саналы да салиқалы шәкірттеріңіз көп болсын демекпіз!
«Қыз Жібек» қыздар ұйымы жетекшілері
ЖББП кафедра оқытушысы Л.К. Садықова,
Жалпы медицина мамандығының 2 курс студенті Сұлтанова Айзада[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”106121″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]