Сәуірдің 16-17 аралығында Семей қаласы, Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде өткен Республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша “Семей медицина университетінің ” 2 курс студенттері Қамбаров Арнур мен Сағындықов Райымбек “Жастар финалында” 1 орын, Жолдасова Нұрсыйпат Линкольн-Дуглас форматы бойынша финалист атанды. Турнирға Нұр-Сұлтан, Павлодар, Өскемен, Семей, Қарағанды, Алматы қалаларынан 64 спикер бақ сынасқан болатын. Үздіктердің ішінен суырылып шыққан “Салауат” дебат клубын тағы да жеңістерімен құттықтаймыз
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу