2022 жылдың 19 сәуірінде «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында білім алушы 3 взвод 322 топ курсанттары медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Сәденұлының жетекшілігімен «Шығыс жұлдызы – Әлия» тақырыбында шара өткізді.
Іс – шара барысында жер бетіндегі өмір үшін жанын қиған қайсар қыз – Әлия Молдағұлованың өмірбаянымен, ерліктерімен және батыр қызға берілген атақ-даңқтарымен таныстық. Әлияның құрметіне қандай ескерткіштер мен мұражайлар қойылғанын және мұның барлығы Отан үшін от кешіп, ерлікпен қаза тапқан ержүрек қызды еске алу құрметі екенін білдік.
Әлия – тәуелсіздік туын көтерген еліміздің ұрпақтарына ерлігімен, ұлы жүрегімен үлгі бола білген тұлғалардың бірі.
Сан ұрпақтар үлгі етеді оны әлі,
Ерлігімен елдің атын шығарған…
3 взвод 322 топ курсанттары[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”106331″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

