20 сәуірде «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректордың 4-5 курс студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Алтай Дюсупов білікті медицина кадрларын даярлаудағы басты басымдықтарды атап өтті. Сонымен қатар, білімалушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға, сондай-ақ оқу, ғылыми және клиникалық жұмыстағы маңызды бағыттарды талқылауға мүмкіндік алды.
«Құрметті студенттер, мен сіздермен кездесіп, сіздерді толғандыратын барлық мәселелерді талқылауға қуаныштымын. Білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда біз үшін маңызды міндеттердің бірі студенттерімізді жан-жақты дамыту болып табылады және бұл бағытта кері байланыс өте маңызды болып табылады. Біз Мемлекет Басшысы, Үкімет белгілеген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағытын ұстанамыз. Сондықтан мұндай кездесулерге әрдайым ашық және әрқашан сындарлы және жемісті диалог күтеміз, бұл біздің студенттеріміздің білім сапасын одан әрі арттыруға ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті Алтай Ахметқалиұлы өзінің құттықтау сөзінде.
Кездесуді жалғастыра отырып, Алтай Дюсупов жоғары білім беру жүйесінде енгізілетін аса маңызды реформалар мен қайта құруларды атап өтті, олар білім сапасын арттыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар студенттер үшін жаңа білімге ұмтылу үшін ынталандыру болып табылады. Мәселен, жыл сайын мемлекеттік гранттың саны, сондай-ақ студенттерге арналған стипендиялардың көлемі артады. ЖОО-да және университеттің клиникалық базаларында қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру нығайтылуда. Қазіргі заманғы білім беру бағдарламалары енгізілуде, болашақ дәрігерлер үшін оқу жағдайлары жақсаруда
«Дәрігер мамандығы барлық уақытта қоғамда сұранысқа ие және ерекше құрметке ие болды. Мықты білімі мен дағдылары бар білікті маман әрқашан сұранысқа ие болады. Сонымен қатар, біздің елімізде әрбір маман өзін толық көлемде іске асыра алуы және өзінің кәсіби сапасын үздіксіз арттыруы үшін барлық жағдай жасалған», – деп толықтырды Алтай Ахметқалиұлы.
Сонымен қатар студенттер ЖОО-да ұйымдастырылған білім беру үдерісі, білім сапасын бағалау әдістері, университеттің клиникалық базаларындағы ғылыми қызметке және практикалық жұмысқа тартылу деңгейі туралы өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Білім алушылар ЖОО Студенттер үйлерінде тұру жағдайлары, университет асханасында тамақтану сапасы, мәдени демалыс мүмкіндіктері туралы пікірлерімен бөлісті.
Осындай кездесу жоғары оқу орнының интерндерімен өтті, сындарлы және жемісті диалог құра алды, дәрігерлер оқу процесінің тиімділігін арттыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті, қиындықтар мен жетістіктері туралы айтты.
Кездесуді қорытындылай келе, Алтай Дюсупов білімалушыларға қызықты диалог үшін алғысын білдіріп, барлық маңызды ұсыныстар ескеріліп, болашақ дәрігерлердің білім сапасын арттыруға өз үлесін қосатынын атап өтті.