Шетел маманы қаланың рухани өмірімен танысты

Шетел маманы қаланың рухани өмірімен танысты

Германия мемлекетінен келген SES эксперт Elizabeth Schuller-Rees (Элизабет Шюллер-Рис) ханым мен жалпы білім беретін пәндер кафедрасы ұстаздары ақпан айының 21-23 аралығында Семей қаласының мұражайларына саяхат жасады. Семей қаласының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен және көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында 21-ақпан күні Абайдың әдеби мемориалдық мұражайында болып қайтты. Элизабет ханым Ұлы ақынның шығармашылығымен жақын танысып, заманауи үлгіде, электронды-цифрлы  ақпараттармен жабдықталған мұражайды тамашап, таңданысын жасырмады.  Қаламыздың беделді мұражайларының бірі   Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайына Элизабет ханым мен кафедра  ұстаздары ақпан айының  23-і күні барып қайтты. Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайыны қаламыздың мақтанышы болып табылады. Жазушы тұрған ескі үйдің экспозициялық залын, кітапханасы, оқу және кинодәріс залдарын тамашалады. Сондай-ақ қаламыздың тарихымен жақын таныстыру мақсатында Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайына да саяхат жасалынды.  Қазақ халқының этнографиясымен, қала тарихымен, мұражайдың палеонтологиялық жиынтықтарымен және Ертістің мәдениетімен танысып қайтты. Элизабет ханым қаламыздың мәдени, тарихи және саяси маңызды болып табылатын мұражайларын аралаудан алған әсерлерімен бөлісіп, жылы лебізін білдірді.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: