Қазақтың рухани көсемі, Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, Семей медицина университетінің жалпы білім беретін пәндер кафедра оқытушылары өзге ұлт жастары арасында қазақ тілінен «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ МҰРАСЫ» атты «Тілдарын» қалалық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың мақсаты А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттай отырып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
Сайысқа ЖОО мен колледждің 1-2 курс студенттері қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша 3 кезеңде өтті.Сарапшылар үміткерлерді бағалау кезінде тілдерді меңгеру деңгейіне,ойды жеткізе білу шеберлігі мен сөйлеу мәдениетіне, дыбыстардың дұрыс айтылуына, өзін-өзі ұстауы және уақытын дұрыс пайдалануына көңіл аударды.Олимпиада соңында жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды. Жалпы медицина факультетінің 1222 топ студенттері дәрісханаларды дайындап, олимпаиаданың өту барысында оқытушыларға көмектесті.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы