2022 жылдың 20 сәуірінде «Еңбек гигиенасы және қоршаған орта саласындағы магистратура бағдарламаларын үйлестіру және өзара тану/HARMONEE» жобасы бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде жоба серіктестерімен кезекті кездесу өтті. Оған жобаның жұмыс тобының барлық мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) Қаржылық мәселелер:
– Құрал-жабдықтар мен ағылшын тілі курстарына жұмсалған қаражат туралы серіктестердің есебі;
2) Жазғы мектеп
Жоба аясында жазғы мектеп 2022 жылдың 27 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Өзбекстан, Бұхара қаласында өтеді. Әзірленген модульдер талқыланады. Модульдерге жауаптылар магистрлік модульдің соңғы нұсқасын ұсынады.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”106831″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]