«Абай әлеміне саяхат»

«Абай әлеміне саяхат»

27 сәуір күні әскери кафедра басшысы медицина қызметінің  полковнигі  Орынбасаров Ш. О.,  оқытушылар медицина қызметінің подполковниктері Смаилов Н. С., Матыцин А. В. 321 және 322 топ студенттерімен бірге Абай Құнанбаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайына барды.

Мұражай экспозициясы «Абай және оның дәуiрi» залымен танысудан басталады. Аталмыш зал үш бөлмеден тұрады. Онда ақынның өмiр сүрген ортасы – ел жайы, тұрмыс-тiрлiгi, ата-тегi, сол күндегi саяси-әкiмшiлiк құрылыс пен дала тұрғындарының әлеуметтiк хал-күйi жан-жақты қамтылған.

Мұражай экспозициясы бөлімдерінің біріншісі «Абай заманы» тақырыбын көтеріп, екіншісі «Ақын өмірі мен шығармашылығына» арналып, үшіншісінен Абайдың жұмыс бөлмесі көрініс тапқан.

Мұражай тарихымен тығыз байланысты әрбір тұрақты экспозиция өзіндік шежіре беттері іспетті.  Ұлы ақынның өнегелі өміріне және шығармаларына шолу жасап, рухани тәрбие алдық. Қызықты да, тартымды шараны ұйымдастырған әскери кафедра ұжымына алғысымыз үлкен.

 

321,  322 топтың  2 және 3 взвод курсанттары[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”106874″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: