26.04.2022ж Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында жалпы білім беретін пәндер кафедрасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 1 курс шетел студенттерінің арасында қазақ тілінен пәндік университетішілік олимпиада өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде суреттер бойынша мәтін құрастыру; екінші кезеңде күнделікті тұрмыстық жағдайларға сұхбат құрастыру болды. Екі кезең оқу бөлмесінде жеке-жеке өтіп, соңында барлық ұпай сандары жинақталып, қорытынды шығарылды. Олимпиада шартын толығымен орындаған студенттер марапаттар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Шетел азаматтарының елімізге құрмет көрсетіп,1жылдың ішінде мемлекеттік тілді үйренуге талпыныс білдіргендеріне ризашылығымызды білдіреміз.
ЖББП кафедрасы