«Ұлы даланың ұлы есімдері»

«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты арнайы жобаны жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 13 сәуірінде балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында 3640 топ жалпы медицина факультеті студенттерінің қатысуымен ассистент Мұқанова Ұ.А. бастамасымен  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: қазақтың тұңғыш дәрігерлерінің бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, профессор, педагог Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаровтың өмірбаяны және қызметі жайында мағлұмат беру. …

МҰРАЖАЙДА

5 сәуір күні жалпы медицина факультетінің 1522 шетел тобы «Тарихи өлкетану» және «Ұлы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайларына» саяхат жасады. Студенттер Семей қаласының тарихынан мағлұмат алды, сонымен қатар, қазақтың ұлы ақын-жазушысы Абай Құнанбаев туралы қызықты деректерді тыңдап, өмірбаянымен танысты. Құлаққаптың көмегімен өлеңдерін тыңдап тамашалады. Топ студенті Таки Мухаммад Абай өлеңдеріне деген ерекше қызығушылығын білдірді. Сондай-ақ, мұражай қызметкерлері…

Құрметті Семей медицина университетінің түлектері!

2022 жылдың 14 сәуір күні, сағат 15.00-де “Қаржы орталығы” АҚ өкілдері Мария Байсеркешова Сагитжанқызы және Жанар Жакеева Берікханқызымен ҚР медициналық оқу орындарын бітірген жас мамандардың бюджеттік негізде, міндетті үш жыл ішінде жұмыс өтеудегі сұрақтар бойынша бейнеконференция өтеді. Zoom конференциясына қосылу https://us02web.zoom.us/j/82964728319?pwd=NlY3eUh3MXhkMUJhb3dWbGpWcW1HZz09 Конференция идентификаторы: 829 6472 8319 Пароль: 256205

КеАҚ СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНДА ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ

2022 жылдың 07 сәуірінде КеАҚ Семей медицина Университетінің Өскемен қаласы филиалының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында “Болашаққа қадам” атты олимпиада  өткізілді. Олимпиаданы оқу ісіне жауапты Ахметова С.С. және кафедра ассистенті Кабдрахманова Ә.Ж.  жетекшілігімен ЖТД факультетінің 736 топ интерндері ұйымдастырды. Қазылар алқасының құрамына КеАҚ Семей медицина Университетінің Өскемен қаласы филиалының директоры, м.ғ.к. Мукажанова А.К., деканның орынбасары, м.ғ.м.…

Қазақстанның морфология саласындағы көрнекті ғалымы және оқытушысымен кезігу

08.04.2022 жылы Университетіміздің профессор Н.А.Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ұйымдастыруы-мен кафедра жоспарына сай, Қазақстанның медицинасы мен ғылымына еңбегі сіңген, медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰА іргелі және қолданбалы медицинасының академигі Алмабаев Ыдырыс Алмабайұлымен кездесу өткізілді. Бұл кездесуге Анатомия кафедрасы мен профессор Н.А.Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының ПОҚ мен студенттері қатысты. Ыдырыс…