[29.04.2022] Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша қорытындылар хаттамасы
https://drive.google.com/file/d/1CRZuGc0K_rE8C0egNSRM-eHwrthSUWf3/view?usp=drive_link

https://drive.google.com/file/d/1CRZuGc0K_rE8C0egNSRM-eHwrthSUWf3/view?usp=drive_link
26.04.2022ж Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында жалпы білім беретін пәндер кафедрасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 1 курс шетел студенттерінің арасында қазақ тілінен пәндік университетішілік олимпиада өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде суреттер бойынша мәтін құрастыру; екінші кезеңде күнделікті тұрмыстық жағдайларға сұхбат құрастыру болды. Екі кезең оқу бөлмесінде жеке-жеке өтіп, соңында барлық ұпай…
Көктемнің басталуымен кенелер санының көбеюі және олардың қалалық саябақтарда да пайда болуы осы жәндіктер жұқтыратын ауруларға байланысты алаңдаушылық тудырады. Мұндай инфекциялардың ішінде кене энцефалиті, Орта Азияның кене сүзегі, боррелиоздар, риккетсиоздар және басқалар бар. Кене энцефалиті-бұл тізімдегі ең ауыр ауру. Көбінесе кене энцефалиті фебрильді ауру түрінде жүреді, бірақ одан да ауыр асқынулар болуы мүмкін, ол өлімге…
Сәуір айының 27-сі күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Оқырман конференциясына “Семей медицина университеті” КеАҚ “Абайтану” клубының, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдерінің тәрбиелік…
«Семей медицина университеті» КеАҚ-дағы 6D110100 – Медицина мамандығы бойынша Амантаева Гаухар Кайсановнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Сыртқы және ішкі иондаушы сәулелердің еркек тұқымды зертханалық жануарлардың репродуктивті жүйесіндегі гендер экспрессиясына әсері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. Диссертация «Семей медицина университеті» КеАҚ-нда Қоғамдық денсаулық кафедрасында орындалды. Қорғау қазақ тілінде өтеді. Ғылыми кеңесшілер: Чайжунусова Найля Жакияновна – медицина…