20-22 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттері үшін 5В110200-“Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы қашықтықтан өткізді. “СМУ” КеАҚ атынан “Қоғамдық денсаулық сақтау”факультетінің 4 курс студенттері қатысты.
Олимпиаданың мақсаты-талантты және дарынды студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.
Олимпиада қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бейіндік пәндері бойынша өткізілді. Олимпиаданың тапсырмалары кешенді сипатта болды және 2 турдан тұрды: 1-ші кезең олимпиада пәндері бойынша онлайн тестілеуді, 2-ші кезең-ҚР Негізгі қолданыстағы заңнамалық нормативтік құжаттарды білуге арналған кейстік тапсырмаларды шешуді қамтыды.
“Қоғамдық денсаулық сақтау” факультетінің студенттері жыл сайын осы олимпиадаға белсенді қатысады. Биыл “Қоғамдық денсаулық сақтау” факультетінің 401 тобының екі студенті Оразаева Баян мен Елужанова Ақерке жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі 2 және 3 орынға ие болды.
Бұл Олимпиада “Қоғамдық денсаулық сақтау” факультетінің студенттерін тәуелсіз мемлекеттік аттестаттау комиссиясының бітіру емтихандарына дайындаудың қосымша мүмкіндігі болып табылады.
Біз жүлдегерлерімізді құттықтаймыз және түлектерімізді мақтан тұтамыз!