Құрметті студенттер, интерндер факультеттік терапия кафедрасы студенттерді, интерндерді Гастроэнтрология бойынша пәндік Олимпиадаға «Қызықты Гастроэнтерология» қатысуға шақырады.
Біздің олимпиадаға қатысу гастроэнтерология бойынша Сіздердің білімдеріңізді, дағдыларыңызды, ептіліктеріңізді бекітуге көмектеседі, Сіздерге клиникалық ойлау дағдыларыңызды, білімге құмарлығыңызды, креативтілігіңізді көрсетуге мүмкіндік береді.
«Гастроэнтерология, сонымен қатар балалар» мамандығы бойынша резидентураға түсуді жоспарлап жүрген интерндердің Олимпиадаға қатысуы түсуге жіберілген резюме ретінде қарастырылады.
Олимпиадаға қатысу үшін керек:
- Олимпиада тапсырмаларымен танысу. (Тапсырмаларды жүктеп алу)
- Орындалған тапсырмаларды 2022 жылдың 15 мамырына дейін жіберу.
- Орындалған тапсырмалары бар Word форматтағы файлды 2022 жылдың 15 мамырына дейін E-mail: [email protected] поштасына жіберу.
Хатқа қосымша қатысушы сауалнамасын толтырып, жеке файл ретінде жіберу қажет (қосымша А).
Хат атауында тегі, инициалдары, тұрғылықты қаласы жазылу керек (мысалы, Ахметов А.А., Семей).
Бір апта ішінде Сізге жұмыс қабылданған туралы ақпарат келеді. Егер жұмыс қабылданған туралы ақпарат келмесе, онда хатты «Копия» деп атап, хатты қайта жіберу қажет.
Олимпиада қорытындысы хат келген поштаға 2022 жылдың 20 мамырда жіберілетін болады.
Жұмыстардың бағалауы кәсіби қазылар алқасы жасайды. Әрбір жауапқы 10 баллға дейін бағаланады. Қосымша баллдар әрбір тапсырмаға толық, жан – жақты жауаптар, шешімдердің қосымша нұсқаларын берген кезде қосымша баллдар беріледі.
Қазылар бағасымен келіспеген кезде апелляция қарастырылмайды.
Гастроэнтерологии бойынша олимпиаданы өткізу туралы Ережесі
Олимпиаданы ұйымдастырушы: «СМУ» КеАҚ факультеттік терапия кафедрасы, «СМУ» КеАҚ факультеттік терапия кафедрасының СҒҚ.
Ұйымдастырушы комитет құрамы:
Төрайым:
Каскабаева А.Ш. – «СМУ» КеАҚ факультеттік терапия кафедрасының меңгерушісі, к.ғ.н.
Төрайым алмастырушы:
Шаханова А.Т. – «СМУ» КеАҚ факультеттік терапия кафедрасының ассистенті
Ұйымдастыру комитетінің құрамы:
Жумадилова З.К. – д.ғ.н., «СМУ» КеАҚ факультеттік терапия кафедрасының профессоры.
Шаханов Т.Е. – к.ғ.н., «СМУ» КеАҚ факультеттік терапия кафедрасының доценті.
Муздубаева Ж.Е. – к.м.н., «СМУ» КеАҚ факультеттік терапия кафедрасының ассистенті.
Сұрақтар бойынша хабарласуға болады: [email protected]