Егде жастағы адамдардың ауыз қуысының гигиенасы

Егде жастағы адамдардың ауыз қуысының гигиенасы

Терапиялық стоматология кафедрасы “Күміс Университет” бағдарламасы аясында ШҚО ЖҚҮ және ӘББ “№2 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы” КММ-де іс-шара ұйымдастырды, оған “белсенді ұзақ өмір сүру орталығына”келушілер қатысты. Терапиялық стоматология кафедрасының оқытушылары мен стоматологиялық факультеттің 5 курс студенттері “Егде жастағы адамдардың ауыз қуысының гигиенасы” тақырыбында мастер-класс өткізді, ауыз қуысына қалай дұрыс күтім жасау керектігін көрсетті. Студенттер “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының” келушілерін “Семей қаласының қалыптасуының тарихи кезеңдері” тақырыбында  әңгіме жүргізіп, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушыларымен викторина өткізді. Оқыту және мастер-класс өткізу барысында келушілерден кері байланыс алды, қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара ПОҚ-ның күшімен тәтті торт, бәлішпен шай ішумен аяқталды.

Жарияланды: