Семей медицина университетінің 4 курс «жалпы медицина» мамандығының 440 тобы шетелдік студенттерінің қатысуымен балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының оқытушысы Мұқанова Ұ.А. бастауымен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді өткізудегі негізгі мақсат – «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, шетелдік студенттерді еліміздің тарихымен, Ұлы отан соғысының ауыр күндерімен, жеңіске жету тарихымен тереңнен таныту. Шетелдік студенттердің еліміздің тарихына деген қызығушылығын арттыру арқылы жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, жеңіс тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелде барысында жеңіс күні, ту тіккен қазақ батыры Рахымжан Қошқарбаев жөнінде, соғыс жылдары ержүректілікпен көзге түскен батырлардың құрметіне арналған ескерткіш монументтер жайында да баяндама оқылды. Батырларымыздың ерлігін ешқашан естен шығармаймыз, ұмытпаймыз, басымызды иеміз!!!