Достар, құрметті түлектер! Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдауды бастаймыз!

Достар, құрметті түлектер! Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдауды бастаймыз!

💻Тіркелу: 2022 жылғы 28 сәуір (18:00) мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz сайтында
⏳ҰБТ өткізу мерзімі: 2022 жылғы 16 мамыр – 5 шілде.
📍Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеуден өту ОРНЫН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

👍Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде Сіз тестілеуді 2 рет тапсыра аласыз және ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

✅Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:
✔️орта білім беру ұйымдарының 2022 жылғы түлектері;
✔️орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
✔️жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
✔️ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар;
✔️ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар.

💸Ағымдағы (2022) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.
Баршаңызға ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тілейміз және Семей медицина университетінің болашақ студенттер арасында күтеміз!