2022 жылдың 12 мамырында Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары «Күміс университет» жобасы аясында Жеңістің 77 жылдығына орай университетіміздің ардагерлерімен кездесу өткізді.
Жеңіс күні – жүздеген мың адамның өмірі мен тағдырларымен төленген ұрпақтарды біріктіретін қасиетті мереке. 77 жыл бұрын әскери қызметкерлер мен ең бейбіт мамандықтағы адамдар, оның ішінде медицина қызметкерлері өшпес ерік, күш пен ұлы рухты, бірігу пен бірлікті көрсете отырып, бейбітшілік пен амандықты қорғай отырып, көптен күткен жеңіс үшін өз еңбектерін, денсаулықтары мен өмірлерін берді. Біз Ұлы Жеңістің қаншалықты қымбат болғанын ұмытпауымыз керек және бұл туралы жас ұрпаққа айтып, оны патриотизм рухында тәрбиелеуіміз керек.
Кездесу барысында “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 402, 401, 301 және 201 кураторлық топтарының студенттері, кафедра оқытушылары мен ардагерлер Соғыс жылдарындағы әндерді шырқады, Мадина Тлеуханованың орындауындағы қобыздың мұңды әуендерін тыңдады. Баян Оразаеваның орындауындағы “Тырналар” әні, К. Симоновтың Томирис Канапинаның орындауындағы “Мені күт” өлеңі барлық қонақтардың жүректеріне әсер етті. Іс-шара 301 топ студенттері дайындаған тақырыптық слайд-шоу аясында өтті.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының қызметкерлері университет ардагерлеріне шай-жем беріп, оларға гүл шоқтарын табыстады.
Ардагерлер әрдайым өте құнды және қымбат университеттің назары үшін оқытушылар мен студенттерге шын жүректен алғыс білдірді!
Қоғамдық денсаулық кафедрасы