«Семей медицина университеті» КеАҚ Өскемен қаласының филиалында 2022 жылдың 6 мамыр күні жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті Рамазанова Алмаш Даукеновнаның басшылығымен 737 және 738-ші ЖТД интерндер тобымен «9 мамыр – жеңіс күні» атты тақырыбында тәрбиелік сағат өткізілді. Арнайы дайындалған презентациялар көрсетілді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Тәрбиелік сағаттың негізгі мақсаты: ешқашан жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті Рамазанова А.Д.