Қарттарға жол беріп, үлкендерді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Егде жастағы адамдарға қол ұшын беру – кез келген адамның қайырымдылығының белгісі. Осыған орай Қазақстан халықтарының Бірлігі күні қарсаңында факультеттік терапия кафедрасының кураторлары өздерінің студенттерімен «Күміс университет» бағдарламасы аясында қарт адамдарға қолдарынан келген көмектерін көрсетті. Доцент Капанова Г.К. 421 топтың студенттерімен зейнеткер – педагог Евгина Валентина Антоновнаның үйіне барып, пәтерін жуып – жинауға көмектесті. Ботабаева А.С. 549 топтың студенттерімен Килина Вера Вермагеновнаны Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мейрамымен құттықтап, әртүрлі азық – түлік өнімдері мен жеміс – жидектер апарып берді. Валентина Антоновна мен Вера Вермагеновна студенттерге керемет ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтты. Кафедраның кураторлары мен студенттер өз тараптарынан қарттарға зор денсаулық тіледі.
Тәрбие жұмысына жауапты факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Селгазина М.Б.