Қазақтың атақты билері. Төле би.

Қазақтың атақты билері. Төле би.

           2022жылдың 17 мамыр айында КеАҚ «СМУ» гистология кафедрасында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қазақтың атақты билері. Толе би» тақырыбы бойынша жалпы медицина факультетінің 2209, 2215, 2218 кураторлық топтарымен  кураторлық сағат өткізіліп, талқыланды. Төле бидің өмірбаяны, қазақ қоғамы үшін сіңірген енбектері туралы мәліметтерді 2215 топ студенті Мендібаева Нұрсұлу баяндады.

Қазақ халқының билері – ерте заманда осы күнгi соттың  да, тергеушінің  де қызметтерін атқарған. Билер өздерінің бір ғана айтылған сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімдерін тауып беріп отырған. Қазақ билері өте әділ және елге ерекше силы болуға тиісті болатын. Өз әділдіктерімен елге ерекше танымал болған қазақтың атақты үш билері бар: Төле би (1663-1759жж), Қазыбек би (1667-1764ж), Әйтеке би (1644-1700ж). Бұл аталған қазақ халқының билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.

Толе би – ХV-ХVI ғасырларда дүниеге келген. Қазақ елінің қоғам қайраткері, шешені. Қазыбек, Әйтеке билердің қолдауымен қазақтың үш жүзіне бас би болып сайланған. Яғни ол ұлы жүздің биі болған. Қазақ халқының атақты «Жеті жарғыны» жасаушыларының бірі.  Толе би, Әйтеке би, Қазыбек бимен бірлесе отырып, қазақ елінің дәстүрлі әдет –ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын – «Жеті жарғынының» қабылдануына өте зор ат салысқан. Ол он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парсаттылығы, әділ шешімі және өте шешендік өнерімен ерте көзге түскен. Өз  заманында Қазақ хандығының бір тұтастығы үшін белсенді түрде күрескен нағыз жанашыр патриот адам болған. Төле би, Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, қазақтың үш жүзінің ұлыстарын бір ортаққа бағындыруға, соның арқасында біртұтас қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының біріккен жауынгерлік одағын құруға бағытталған іс – шараларды жүзеге асыруға ерекше ат салысқан. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкіл халықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген қазақтың атақты ханы Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан зор.

Кураторлық сағат соңында топ студенттері өз ойларымен бөлісіп мынадай қорытындылады: Төле бидің өмірі, қазақ қоғамы үшін сіңірген еңбектері, өмірбаяндық мәліметтері, естеліктері еліміздің  болашағы – жастарға патриоттық тәрбие беруде құндылығы өте зор.  Қазақтың атақты билерінің бірі – Төле би туралы кураторлық сағатта берілген материалдар біз үшін белсенді өмірлік ұстанымдардың жарқын үлгісі болады деп тұжырымдады.

Гистология  кафедрасы.                                                                            

Жарияланды: