ВАШ ВЫБОР ВАЖЕН!

ВАШ ВЫБОР ВАЖЕН!

2022 жылдың 5 маусымында Президенттің Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал шығарылып отыр.
Осыған байланысты «Семей медицина университеті» әскери кафедрасында 16 мамыр 2022 жылы кафедра қызметкерлері мен 320, 323 топ студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Әскери кафедраның тәрбие ісі бойынша жауапты оқытушы, медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденович слайдта конституция баптарының ағымды және жаңа басылымдарын көрсете отырып, өзгерістер мен толықтырулар Конституция баптарының үштен бір бөлігіне қатысты екенін, түзетулерге сәйкес Парламенттің рөлі күшейтілетінін, сондай-ақ басқарудың жаңа жүйесіне нақты көшу бекітілетінін атап өтті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы: «Бұл мәселеге өте үлкен саяси оқиға деп қарауымыз керек. Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы біз жаңа қоғам қалыптастырамыз. Яғни, азаматтар өздері дауыс беріп, тікелей ойын білдіру арқылы Конституцияның қабылдануына ықпал етеді. Сондықтан Азаматтар өзінің мемлекетке қатысы бар, осы елдің азаматы екенін, билікке ықпал ете алатынын сезінуі керек. Біздің таңдауымыз маңызды! – деп сөздермен аяқталды.
Әскери кафедра қызметкерлері мен курсанттары