25 сәуірде И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының студенттері мен резиденттеріне арналған онлайн мастер-класс сабағы өткізілді.
Мастер-класс «zoom» платформасында өтті. Бұл дәріске қатысу студенттерге жаңа білім алуға және бұрыннан бар білімді бекітуге мүмкіндік берді. Студенттер жоғары қызығушылық таныта отырып, талқылауға белсене қатысты.
🔹 Ұйымдастырушылар: «МУС» КЕАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы, кафедра меңгерушісі Амренова К.Ш., доцент Токабаев Азамат Кожагулович, ассистент Жазыкбаева Л.К., ассистент Қадысов Танатар Болатұлы.