2022 жылдың 20 мамырында қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы, куратор Қ.Ж. Амангелдинаның басшылығымен «жалпы медицина» мамандығының 2113 тобымен кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының республикалық референдумға шығарылып жатқанын жеткізу.
2022 жылдың 5-ші маусымында жалпыхалықтық референдум өткізілетін болды. Президентіміздің мақсаты – халқыма мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту,- делінген.
Конституциялық референдум өткізуге бір айдан аз уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.