12-20 мамыр аралығында Семей медицина университетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары 1-5 курс студенттеріне “Қазақстанның саяси жаңғыруының жаңа кезеңі» тақырыбында ақпараттық іс-шараларды өткізді. Семинарлар барысында 5 маусым күні өтетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум жөнінде түсіндірме жүргізілді.
Спикерлер өз сөздерінде бүгінде еліміз жаңа Қазақстанның жаңа ережелерін белгілейтін тарихи кезеңді бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Семинар барысында аталып өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтерген болатын. Жалпы 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарлануда.
Конституцияда «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшу, мәслихаттардың ықпалын арттыру, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделін енгізу көзделіп отыр. Сонымен қоса, Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту, Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салу секілді мәселелері қамтылған.
Семинар қорытындысы бойынша спикерлер алдағы референдумға қатысты қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Білім алушылар ел дамуындағы Конституцияның рөлі мен жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығы жөнінде пікірлерін де білдірді.
Толкын Мұздыбаева, ЖББП кафедрасының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі
[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]