«Эстетикалық реставрация» тақырыбында олимпиада

«Эстетикалық реставрация» тақырыбында олимпиада

Терапиялық стоматология кафедрасында стоматология факультетінің 5 курс студенттері арасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасына орай “Эстетикалық реставрация”тақырыбында олимпиада ұйымдастырылып өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.

Олимпиада 4 кезеңнен тұрды: 1 кезең-тестілеу, 2 кезең-үй тапсырмасы (ермексаздан, модельдеу балауызынан тіс үлгісін жасау және т.б.), 3 кезең – композиттік пломбалық материалдан толтыру  тісті реставрациялау, 4 кезең-викторина. 1-кезеңде 5 курс студенттері (504-507 топтар) іріктеу сынағынан өтті. Бірінші және екінші кезең қорытындысы бойынша 8 студент үшінші кезеңге өтті. Үшінші кезеңде студенттер симуляциялық блоктарда төменгі бірінші молярды қалпына келтірді. Қалпына келтіру жарықпен қатаятын композициялық материалдармен, уақыт бойынша – 30 минут ішінде жүргізілді. Әрбір қатысушы реставрация мен көркем модельдеудің жеке дағдыларын барынша пайдаланып, көрсетті. Іріктеу нәтижесінде финалда 3 студент қорытынды конкурс – викторинаға қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды 505 топ студенті Мақсұтов Ерназар, 2-орынды 506 топ студенті Әбілқақова Сымбат, 3-орынды 505 топ студенті Зейнегабылова Аида иеленді. 1, 2, 3 орын алған жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан дипломдар мен символдық сыйлықтар табыс етілді.

Олимпиада студенттерге кәсіби бағытталған білім бойынша практикалық және теориялық білімдерін бекітуге, сондай-ақ мықты және талантты студенттерді анықтауға мүмкіндік берді.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”108422″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: