Академиялық ұтқырлық – жоғары оқу орындары оқытушыларының оқу немесе сабақ беру мақсатында белгілі бір уақыт ішінде өз елінің шегінде немесе одан тыс басқа оқу немесе ғылыми мекемеге ауысуы. Академиялық мобильділік аясында профессор Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Қозыкенова Ж.У. 2022 жылдың 25-28 сәуірі аралығында Марат Оспанов атындағы БҚМУ патологиялық физиология кафедрасында болды. Қозыкенова Ж.У. 2 курс «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша үш тілде тәжірибелік сабақтарды өткізуге қатысты. Сапар барысында Жанна Укошовна патологиялық физиология кафедрасында «Жас патофизиолог» студенттік ғылыми үйірмесінің отырысына қатысты. Қозыкенова Ж.У. оқу үрдісіне қажетті негізгі ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін университет кітапханасына барып қызықтады. Осы күндері университет қабырғасында университетіміздің студенттерінің қатысуымен жыл сайынғы ғылыми студенттік конференция өтті. Конференцияға студенттік баяндаманың ғылыми жетекшісі ретінде Жанна Укошовна қатысты.
2022 жылдың 11-17 мамыры аралығында университетімізге жауап сапарымен Марат Оспанов атындағы БҚМУ патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі., м.ғ.к. Жексенова А.Н. келді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес Ажар Николаевна қазақ және орыс тілдерінде «Гипоксия» және «Шеткері қанайналым бұзылысы» тақырыптарында тәжірибелік сабақтарды өткізуге қатысты. Сапар барысында Жексенова А.Н. қалыпты физиология, микробиология, медицинадағы IT, молекулалық биология және медициналық генетика кафедраларымен және олардың қызметімен танысты. Сондай-ақ Ажар Николаевна университетіміздің кітапханасында болып, студенттер мен оқытушылар оқу үрдісі кезінде пайдаланатын соңғы кезеңдегі ресурстарын көрді. Сапардың мәдени бағдарламасына қаланың көрікті жерлеріне саяхаттау және Абай мұражайы кірді.
Сапар барысында Марат Оспанов атындағы БҚМУ және «СМУ» КеАҚ екі университетінің патологиялық физиология кафедраларын біріктіретін мақсаттарға қол жеткізілді. Біз екі жақтың білім және ғылым саласындағы жемісті ынтымақтастығына шынайы үмітімізді білдіреміз!
Т. А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы