Тарихи естеліктер жолымен

Тарихи естеліктер жолымен

әрбие жұмысы аясында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері замануи армиясының әскери техникасы мен қару-жарақтарының негізгі түрлерімен танысу мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының офицерлері м/қ полковнигі Орынбасаров Ш.О., м/қ подполковнигі Матыцин А.В., м/қ подполковнигі Смаилов Н.С жетекшілігімен кафедрада білім алушы курсанттар Семей қаласының Әскери техниканың ашық аспан мұражайына және Гарнизондық офицерлер үйіне саяхат жасады.
Ашық аспан мұражайында әр түрлі кезеңдегі әскери техникалар үлгілері мен бабаларымыздың ерліктерін насихаттаушы, Ұлы Отан соғысына арналған мемориал орын алған.
Ал Офицерлер үйін тамашалау кезінде қызметкерлері бар ынталарымен музей экспонаттарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуының басты белестері туралы әңгімелеп берді. Бұл мекемеде Әскери даңқ мұражайы 1997 жылы құрылып, мәдени-тәрбиелік, әдістемелік және демалыс қызметін атқарып келеді.
Гарнизондық офицерлер үйі әскери қызметшілердің және Қарулы Күштердің азаматтық персоналдары мен олардың отбасы мүшелерінің рухани қажеттілік, тәрбие, мәдени- ағарту мен демалыс шараларын ұйымдастыруды іске асыру мақсатына арналған.
Бұл шара курсанттардың әскери кафедрада алған білімдерін бекітуге, сондай-ақ, рухани және мәдени дамуларына, Отанымыздың тарихына ерекше құрметпен қарауларына үлкен ықпалын тигізді.
Осындай ақпараттық шараны ұйымдастырған Әскери кафедраның офицерлік құрамына ризашылығымызды білдіреміз!

Әскери кафедра курсанттары[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]