«COVID-19, мәселенің өзектілігі» тақырыбында оқыту семинары

«COVID-19, мәселенің өзектілігі» тақырыбында оқыту семинары

18 мамырда «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығының 616 топ интерндері Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «COVID-19, мәселенің өзектілігі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында студенттерге коронавирустық инфекция, Covid-19 ауруы бойынша Қазақстандағы, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердегі эпидемиологиялық деректер бойынша бүгінгі күні өзекті ақпарат ұсынылды. Семинар барысында және одан кейін студенттер коронавирустық инфекция, оның алдын алу және емдеу шаралары бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, талқылау жүргізді.

«СМУ» КеАҚ жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы