Студенттерді белгілі бір кәсіби және жеке жетістіктері бар табысты дәрігерлердің тәжірибесімен таныстыру оларға медициналық жұмыстың қыр-сырын меңгеруге, өз ұмтылыстарын жүзеге асыруға, оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. 2022 жылдың 24 мамырында Т.А.Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының кураторлық топтары мен 2 курс студенттерінің көрнекті тұлға, үлкен жетістіктерге жеткен дәрігер, кәсіби маман, ревматология және жұқпалы емес аурулар кафедрасының профессоры Иванова Райфа Латыфовнамен кездесуі өтті. Ол жергілікті дәрігерден ғылыми жетістіктері Қазақстанға да , шетелге де ғылыми жетістіктерімен белгілі участкелік дәрігерден әйгілі ғалымға дейінгі ұзақ жолдарды басынан өткерген. Студенттер Райфа Латыфовнаның кейбір өмірбаяндық деректерімен және оның дәрігер ретіндегі еңбек жолындағы жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алды. Өзіне адамгершілігі мол, ең ізгі мамандықты таңдаған ол 1953 жылы Тобол фельдшерлік-акушерлік училищесін үздік бітіріп, Семей қаласының медициналық институтына оқуға түсіп, институттың жаңадан ашылған алғашқы қабылдау студенттерінің қатарында болды, оны да 1959 жылы үздік бітірді.
Студенттік жылдары институт комсомол комитетінің бірінші хатшысы, көркемөнерпаздар жұмыстарының, гимнасттар мен атқыштар командаларының қатысушысы, көптеген облыстық жарыстардың жеңімпазы болды. Сүйікті ұстазы- ол өзі өлеңдер жазып, студенттердің концерттерінде сахнадан оқитын, гистология кафедрасының меңгерушісі, профессор Серафим Александрович Предтеченский болды.
1983 жылдан 2003 жылға дейін Райфа Латыфқызы 20 жылға жуық СММА госпитальдық терапия кафедрасын басқарды. Ол бүкіл кеңес үкіметінен кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына танылған ең ірі ғылыми мектепті ашты. Иванова Р.Л. ғылыми қызығушылықтары тек ревматологияны ғана емес, сонымен қатар ішкі аурулардың басқа салаларын да қамтыды: кардиология, гастроэнтерология, пульмонология, нефрология, радиациялық диагностика.
Райфа Латыфовна студенттердің сан алуан сұрақтарына қуана жауап берді. Ол кісі дәрігерлік тәжірибелік өмірінен мысалдармен бөлісті. Дәрігермен кездесу студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды, мазмұнды және ынталандырушы қарым-қатынас үшін алғыс сөздер айтылды. Біздің қасымызда атақты ,үлгілі адамдар өмір сүріп, еңбек етіп, өскелең жас мамандарды үлгі-өнегесімен шабыттандырады.
Райфа Латыфовнаға зор денсаулық тілей отырып, рухани , жігерлі жарқын тұлға болып, әлі талай лайықты шәкірттер өсіру тілейміз!
Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы.
[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]