Қазақтың белгілі жалғыз әйел – ұшқышы, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атанған Хиуаз Қайырқызының Доспанованың туылғанына 100 жыл толуына орай, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 23 мамырда әскери кафедра басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Ш. О. ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті.
7 взвод курсанттары Жанатова Гульжан мен Курмашева Ақпейіл батыр апамыздың өмірбаяны, ұшқыш болуға деген талпынысы, соғыс кезіндегі ерліктері және берілген марапаттары туралы әңгімелеп берді.
Хиуаз апамыздың түрткі болуымен «Медеу» мұз айдыны бой көтеріп, «Горный гигант» алма бағы, «Ғалымдар үйі» және тағы басқа ғимараттар тұрғызылды. «Абай», «Шоқан» драмалары сахналанды. 37 жасында ғұмырлық зейнеткерлікке шыққан, «Халқым үшін» соғыс естеліктерін жазған қазақтың батыр қызы Хиуаз апамыздың өмірі, ерліктері жас буынға өнеге болары сөзсіз!
Тәрбие жұмысына жауапты
м/қ подполковнигі Смаилов Н.С.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”108630″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]