Жазғы мектеп

Жазғы мектеп

Профессор Т. А. Назарова атындағы патологиялық физиология, проф. Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедраларында 23.05-26.05.2022 жылы аралығында жазғы мектеп өтті. Жазғы мектеп – бұл “Жалпы медицина” мамандығының 2-курс студенттері үшін жүзеге асырылатын қосымша білім беру қызметтерінің жүйесі. Жазғы мектептің тақырыбы “Өспе патологиясы”. Іс-шара орыс, қазақ және шетел бөлімдерінің студенттерінің қатысуымен өтті.
Жазғы мектептің мақсаты – студенттердің патологиялық физиология және патологиялық анатомия бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету. Сабақтар тәжірибелік сабақтар түрінде өтеді. Кафедралар қосымша білім беру бағдарламасының 3 кредитіне арналған тақырыптық жоспар дайындады. Оқу аптасы барысында кафедра оқытушылары студенттерге патологиялық физиология бойынша келесі тақырыптарды ұсынды: Өспелердің этиологиясы. Өспелердің пайда болуындағы химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендердің рөлі. Өспелердің пайда болуындағы жүйке, эндокриндік жүйелердің рөлі. Өспелердің пайда болуындағы тұқым қуалаушылықтың рөлі. Өспе өсуінің патогенезі. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері. Антибластомалық төзімділік. Өспелердің ағзаға әсері, паранеопластикалық процестер.
Патологиялық анатомия тақырыптары:
Өспелер туралы жалпы мәліметтер, морфогенез, гистогенез. Нақты локализациясыз эпителий өспелері. Мезенхималық өспелер. Экзо-және эндокриндік бездердің өспелері. Тератомалар. Меланин түзетін тіндердің, жүйке жүйесінің және ми қабықтарының өспелері. Қан жүйесінің өспелері.
Жазғы мектептің тақырыбы студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды. Сабақтың бірінші күнінде тыңдаушылар саны 105 адамға жетті. Тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды. Студенттер тақырыпты талдағаннан кейін оқытушыларға белсенді сұрақтар қойды. Микро-және макропреараттардың көрсетілімі ерекше қызығушылық тудырды. Жазғы мектепті бітіргеннен кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.
Профессор Т. А. Назарова атындағы патологиялық физиология, проф. Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедралары жазғы мектеп тыңдаушыларының алған білімдері болашақта клиникалық кафедраларда көрініс табатынына сенім білдіреді.

Проф. Т. А. Назарова атындағы патологиялық физиология,
проф. Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасы.